Мажарстандағы құрғақшылықтан ауыл шаруашылығы шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мажарстандағы құрғақшылықтан ауыл шаруашылығы шығынға батты

19.08.2024

Мажарстанда аптап ыстықтан құрғақшылық болып, ауыл шаруашылығын шығынға батырды. Ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Елдің ауыл шаруашылығы палатасының мәліметінше, құрғақшылықтан жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы плантациялары, барлығы 75 мың гектар аумақ қурап қалған. Экономистердің пайымынша, биыл бір ғана жүгері егістігі 600 млн еуро шығынға батып, өнім алу 9 тоннаға төмендейді. Демек азық-түлік бағасы қымбаттайды. «Бұл Мажарстан тарихында болмаған ыстық» деген метеорологтар қолайсыз ауа-райы тағы бір апта сақталатынын айтады.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу