Ақтөбе облысының екі ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының екі ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды

19.08.2024

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының екі ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Жағабұлақ пен Бірлік елді мекендерінде 14 баспана салынды. Мердігер мекеме қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Сондай-ақ аудан бойынша 55 тұрғынға дайын үйлер сатып алынды. Демеушілер есебінен оларға тұрмыстық техника тарту етілді. Тағы жеті баспана жөнделді. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу