Алматыда мопед жүргізушісі қақпаға соғылып, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мопед жүргізушісі қақпаға соғылып, мерт болды

19.08.2024

Алматыда мопед жүргізушісі тұрғын үйдің қақпасына соғылып, мерт болды.

Тұрғындардың сөзінше, көше жеткілікті түрде жарықтандырылмай, салдарынан қайғылы жағдай болған. Мопед жүргізушісі тұйық көшені көрмей қалып, тоқтап үлгермеген. Содан екпінмен қақпаға соғылған. Біреуі сол жерде тіл тартпай кетсе, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Қазіргі көліктердің ішіндегі ең қолжетімдісі болғандықтан, Алматыда мопед жүргізушілерінің саны артып жатыр. Соған сай, мопедшілердің қатысуымен тіркелетін апат та көбейген. Арты адам өліміне әкелетін жағдайлар да көп. Сондықтан елімізде электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланған. Авторлардың ойынша, бастысы-қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бақылауды күшейту мақсатында қолға алынып отыр. Еске салайық, қазір жаңа ережеге сәйкес мопед міну үшін жүргізуші куәлігін алу шарт. Оған қоса, оны көлік ретінде тіркеу міндет.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу