Жамбылдағы жол апаты: «Альфард» көлігі жүргізушісінің жағдайы өте ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жол апаты: «Альфард» көлігі жүргізушісінің жағдайы өте ауыр

19.08.2024

Жамбылдағы жол апатынан жарақат алып ауруханаға түскен «Тойота «Альфард» көлігі жүргізушісінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның оң аяғын жамбас тұсынан кесуге мәжбүр болған. Өйткені көлік жүргізушісі соққыны бірінші қабылдағандықтан, денесінің бірнеше жері мен қос аяғы қысылып қалған. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны көліктегі жолаушыларын Түркістаннан Астанаға апара жатқан. Жарақат алғандар қатарында 1,5 жастағы бала да бар. Балақай мен анасының миы шайқалған. Жеңіл дәрежеде болғандықтан Түркістандағы үйлеріне жіберілді. Ал сынық-жарақат бөліміне жатқызылған 31 жастағы келіншектің оң жақ мықымына қатты зақым келген.

Смағұл Дәулетов, Меркі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Травматология бөліміне жатқызылған бір науқасқа ота жасалды. Қазіргі жағдайы қалыпты, емін жалғастыруда. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқасқа екі ота жасалды. Қазіргі таңда сол аяғына ота жасау жоспарлануда. 

 Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу