Такси қызметіне талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Такси қызметіне талап күшейеді

19.08.2024

Алты адамның өмірін қиған жантүршігерлік апатта Alphard  көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен дерек айтылды. Ал полицейлердің машинасына қатты соғылған көлік сол жерде өртеніп кетті. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар Toyota Alphard көлігі туралы түрлі пікір айтып жатыр. Жол ережесін көп бұзатын осы марканы тізгіндегендер,- дейді тұрғындар. Жапондар шығарған бұл автомобильмен көбіне такси жүргізушілері ірі қалалар арасында адам тасиды. 7 орындығы бар әрі көп бұзылып, иесін шығынға батырмайды. Бірінші және екінші буындағы Alphard көліктері зауыттан тек оң жақ рөлмен шыққан. Бірқатары Қазақстанда тұрақты тіркеуге қою үшін басқару құрылғыларын сол жағына ауыстырған. Жеңілдікпен тіркеу акциясы кезінде ешқандай өзгеріс жасамай есепке қойғандары да жетерлік. Сондықтан, бұл көліктердің қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтындар бар. Алайда, жолдағы апатқа ең алдымен жүргізушілер жауапты,-дейді көпшілік.

Жалпы Қазақстандағы жол жүру ережесіне сәйкес оң жақ рөлді көліктермен адам тасымалдауға мүлде болмайды. Алыс сапарларға шығатын көлік жүргізушілері үшін жұмыс істеу уақыты да шектелмек. Көлік және ішкі істер министрлігі InDrive  компаниясымен бірлесіп арнайы талап енгізді. Яғни, такси қызметін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігі толықтай такси агрегаторларының мойнына жүктелмек. Әзірге күшіне енген жоқ.

Селим Қуанышұлы, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
InDrive осы жылдың аяғына дейін, яғни 25 жылдың 1 қаңтарына дейін өзінің жүйесіндегі барлық көліктерге ревизия жасайды. VIN кодтар арқылы көлік құралдарын тексереді. Яғни 13 символды  VIN код болатын болса ол оң рөлді көлік, 17 болатын болса ол сол рөлді. Оң рөлді көлік болатын болса оларды осы жылдың аяғына дейін алып тастайды. Бірақ та бүгінгі күннен бастап оларды тіркемейді. 


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу