Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндіріледі

19.08.2024

Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Ал табиғи қоры жағынан Австралиядан кейін екінші орында. Дүниежүзі бойынша барланған кен орындарының 13 пайызына иелік етеді. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында уран таблеткаларын шығарудың толық жүйесі іске қосылған. Бұл зауыт Орталық Азиядағы ядролық отын өндірісін жолға қойған ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Атом өнеркәсібі саласында жас мамандарды даярлауға дайын. Қазір зауыт француздық дизайндағы жылу бөлетін құрамаларын шығарады. Егер станция салынып, отынның осы түрі таңдалса зауыт тек өндірістік қуатты ғана арттырмақ.

Әсет Махамбетов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ басқарушы директоры:

Дайын ядролық отынды біз қазіргі таңда дайындап жатырмыз. Ол яғни, уран таблеткалары. Және менің артымда жасалып жатқан жылу бөлгіш құрамалары. Яғни «ҮМЗ» Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, ядролық отынды дайындауға дайын.

Манарбек Қылышханов, зауыттың ғылыми орталығының басшысы:

Бұл жерде ең маңызды мәселе ол - кадрлардың болуы. Біздің зауытта оны қалай жасайтынын және қандай жабдықтармен қалай қолданатынын білеміз. Ал таблеткалардың бір-бірінен айырмашылығы ол геометриялық өздерінің өлшемі және структураларында болады. Соған байланысты ондай мүмкіндік болады деп ойлаймын. 


Хабарламаларға жазылу