Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық қатысады

19.08.2024

Париждегі Паралимпиада ойындарының басталуына 9 күн қалды. Қазақстандық спортшылар сайысқа сақадай-сай. Отырып волейбол ойнауға 12 спортшы, жеңіл атлетикаға 4, ал пара каноэға 2 отандасымыз қатысады. Сондай-ақ оқ атуға 2 мергеніміз, пауэрлифтинге 5 жерлесіміз, үстел теннисіне 1, жүзуге 4 спортшымыз қатыспақ.

Одан бөлек, пара таеквандо бойынша 4 және пара дзюдо бойынша 10 қазақстандық бақ сынайды. Осылайша 9 спорт түрінен барлығы 44 қазақстандық спортшы бәсекеге түспекші.

Ал, Париждегі Эйфель мұнарасы жанындағы стадион Паралимпиадалық ойындарға бейімделіп жатыр. Жақында мұнда жағажайлық волейболдан жарыс өткен еді. Енді сол алаңда зағип жандар арасында футбол матчы өтеді. Паралимпиадалық ойындар тамыздың 28-де басталып, қыркүйектің 8-де аяқталады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 4,5 мыңға жуық спортшы қатыспақ. Ашылу салтанаты Елисей және Келісім алаңдарында өтеді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу