Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

20.08.2024

Алматыда Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне тұрғын үй сертификаты мен жаңа автокөліктің кілті табысталды. Сондай-ақ спортшыларға 4 және 5 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар берілді.

«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына жүлделі медальдар салғаны қуантады. Талант, табандылық және еңбекқорлықтың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар», - деді кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев.


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу