«Атырау» көпіріне көлікпен шыққан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау» көпіріне көлікпен шыққан азамат ұсталды

20.08.2024

Астанадағы Орталық саябақта орналасқан «Атырау» көпіріне көлікпен шыққан азамат 15 тәулікке қамалды. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындаған. Ол мұндай әрекетке досымен бәстескен соң барғанын және істеген ісіне өкінетінін айтты.

Қалалық ауданаралық соты шешім шығарарда, Т. есімді тұрғынның осы тектес әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын және әрекетіне өкінетінін ескерді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу