Жетісу облысындағы «Шыңдалы» шекара бекетінің ғимараттары толық жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы «Шыңдалы» шекара бекетінің ғимараттары толық жаңартылды

20.08.2024

Жетісу облысында «Шыңдалы» шекара заставасының ғимараттары толықтай жаңартылды. Блокты-модульді құрастырмадан тұрғызылған нысанда 40 сарбазға арналған казарма, офицерлерге арналған баспана бар. Бұдан бөлек жылыту қазандығы, жауынгерлердің оқу бөлмелері, әскерилердің жеке кабинеттері мен асхана, медициналық бөлме қарастырылған. Застава жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен жаңартылды. Құрылыс жұмыстарына 290 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. 45 жыл бұрын одақтас мемлекеттер арасында ең үздік шекара бөлімшесі деп танылған Шыңдалыда қазір 40 сарбаз отан алдындағы әскери борышын өтеп жүр. Олар Қазақстан - Қытай шекарасының 20 шақырымдай жерін күзетеді.

Дулат Төлеген, қатардағы жауынгер:

Шекара шебінде жүру әркімге бұйырмайтын бақыт.  Қазақстанда қазақ жерін қорғап жүргеніме мақтанамын. Жаңа бекет салып бергеніне көп рахмет. Осындай жағдай жасалса, сарбаздар да, офицерлер де қуанып қаламыз.  


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу