Қазақстандық жас музыканттар Мәскеудегі халықаралық фестивальге қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жас музыканттар Мәскеудегі халықаралық фестивальге қатысты

20.08.2024

Мәскеуде жасөспірімдер симфониялық оркестрлерінің II халықаралық фестивалі аяқталды. Әлемдік байқауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі қатысты. Елімізден барған жас музыканттар әлемдік классика мен ұлттық композиторлардың шығармаларын орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Жалпы шараға ТМД, БРИКС елдерінен 18 мемлекет қатысты, елімізден барған музыканттар үздіктердің қатарына ілінді.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу