Израиль Газадағы атысты тоқтатуға қатысты АҚШ-тың ұсынысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газадағы атысты тоқтатуға қатысты АҚШ-тың ұсынысын қабылдады

20.08.2024

Израиль Газа секторындағы бітім бойынша АҚШ-тың Дохада ұсынған жоспарын қабылдады. Мұны Тель-Авивке сапарында Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, осы жолғы келіссөздер - атысты тоқтатуға және кепілдегілерді босатуға берілген соңғы мүмкіндік. Алайда ХАМАС бүгін Блинкеннің мәлімдемесін сынға алды. Палестиналық қозғалыстың жоғары шенді өкілі Осама Хамдан «Рейтер» агенттігіне «Нетаньяху ұсыныстың жаңартылған жобасын қабылдады. Алайда бұл құжат ХАМАС-қа көрсетілген жоқ» деп мәлімдеді. Бұған қоса ол мүдделі тараптарға қосымша келіссөз емес, жоспарды іске асыру тетігі қажет екені ескертілгенін де атап өтті.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу