Президент Астанада жаңадан салынған мектептерге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астанада жаңадан салынған мектептерге барды

20.08.2024

Президент Астанада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордаларына барды. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы барған мектептердің бірі Есіл ауданындағы №103 мектеп. Бұл жерде оқушылар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Ол үшін бейнебақылау жүйесі толықтай орнатылған. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай қарастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұра» ауданындағы №101 мектепке де барды. Аталған білім ордасында екі ауысымда 4 мың оқушы жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқитын болады. Президентке жаңа мектептің мүмкіндіктері, атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды зерттеу, жасанды интеллектіні қолдану, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, оқу бағдарламасы мен роботты техниканы үйлестіру бағыттары жайында мәлімет берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 24 оқу ошағы салынып жатыр.


Хабарламаларға жазылу