Сарапшы: Қазақстанның ядролық технология бойынша бай тарихы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстанның ядролық технология бойынша бай тарихы бар

20.08.2024

Шетелдік сарапшы Қазақстанның ядролық технология бойынша тарихы бай екеніне тоқталды. Кей елдер бұл салада тәжірибесі болмаса да, үлкен амбициялық бағдарламаларды қолға алып, ірі реакторлар салғанын да айтып өтті.

Уильям Фрибэрн, S&P Global Commodity Insights агенттігі директорының орынбасары:

Көптеген елдер атом энергиясы бағдарламаларын іске қосу мәселесін бірінші рет қарастырып жатыр. Олардың экономикалық жағдайы әртүрлі. Мұндай энергияны өндіру үшін мықты техникалық мамандар керек. Ядролық инженерлік бағдарлама бекітілуі тиіс. Бұл салада Қазақстанның ядролық технология бойынша бай тарихы бар. Сонымен қатар Қазақстанда АЭС-терге қажетті уран қоры да мол.


Хабарламаларға жазылу