Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясынан шет қалмады. «Жүректен-жүрекке» жобасы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларын мектепке даярлауға «Freedom Шапағат» қоры қолдау көрсетіп, қала іргесіндегі саяжай тұрғындарының балаларына 350 дана ноутбук және оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты. Батыс өңірі тасқын судан ең көп зардап шеккен аймақтың бірі. Қиын жағдайға тап болған жандарды қолдау әлі күнге дейін жалғасып жатыр. «Freedom Шапағат» қоры осы мақсатта жиналған қаражатты балалардың қажеттілігіне жұмсауды жөн көрген.
Анастасия Ульченко, ҚХА «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі:
Бұл көктемнен бастап жүріп жатқан акция. Осы жобаның аясында қазіргі таңда бүгін біз «Мектепке жол» акциясын өткізіп жатырмыз. Ал біз еріктілер ретінде ертең, бүгін көптеген отбасыларға баратын боламыз. Мұндай көмектер тоқтамайды, жалғасады. Себебі Ассамблея әрқашанда отандастарымызға көмекке келуге дайын. Бізде еріктілер әр қалада бар.
Ардақ Мұратқызы