Аргентинада маймыл шешегін таратады деген күдікпен бидай таситын кеме карантинге алынды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Либерияның туын таққан су көлігі Бразилияның Сантос қаласынан жеткен. Ал оның бортындағы үндістандықтың мойны мен бетінен жара байқалады. Сондықтан дәрігерлер экипаж мүшесін оқшаулаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, биыл маймыл шешегі әлемнің 116 елінен анықталды. Дегенмен мамандар коронавируспен салыстырғанда бұл ауруды бақылаудың тәсілдері белгілі деп отыр.
Арыстан Рысбек