Түрік кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға дайын

21.08.2024

Түркиялық инвесторлар еліміздің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция құюға қызығып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі компаниялар Қазақстанда зауыт салуға ниет білдіріп, еліміздегі инвестициялық климатты жоғары бағалап отыр. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді алуда және құжаттарды дайындауда жеңілдіктер көп. Сондықтан соңғы жиырма жылда түркиялық инвесторлар елімізге 5,1 млрд доллар қаржы салған. Ауыл шаруашылығы саласында түркиялық инвесторлардың қаражатымен 553 млн доллардың алты жобасы сәтті жұмыс істеп тұр.

Мұстафа Ылыжа, түркиялық кәсіпкер:

Бауырлас Қазақстанға инвестиция салып, бірлескен компания құрғанымыз үшін қуаныштымыз. Ауыл шаруашылығы саласына қаржы құю арқылы осы саланың дамуына үлес қосқымыз келеді. Атап айтқанда көкөніс пен жеміс жидек сақтайтын заманауи қоймалар саламыз. Одан кейін болашақта консервілеу зауытын салу жоспарымыз бар.

Зубейр Акын, түркиялық кәсіпкер:

Қазақстанда компаниямызды ашып, зауыт салу жұмыстарына кірістік. Біз тек зауыт салып қоймай, тамшылатып суару технологиясын жергілікті шаруаларға үйрету мәселесін де қолға аламыз. Себебі Қазақстанда суды тиімді пайдалану мәселесі өзекті. Бұл тұрғыда бізге Ауыл шаруашылығы министрлігі де жергілікті әкімдіктер те жан-жақты қолдау жасап отыр.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу