Қытайдың Ляонинь провинциясында су апатымен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда 7 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Алапат тасқынға дүйсенбіде басталған нөсер жауын себепші. Одан әсіресе Хулудао қаласы көп зардап шекті. Бұған қоса жолдарда көлік қатынасы қиындап, 28 ауылда байланыс үзілген. Құтқару операцияларына 500-ге жуық адам мен арнайы техника және қайықтар жіберілді. Дегенмен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.
Арыстан Рысбек