Шетелден келген әуе бортында алда-жалда маймыл шешегін жұқтырған жолаушы шықса, біздің мамандар дереу анықтап оқшаулайды. Қауіпті дерттің дендеуіне жол бермейді. Осы мақсатта бүгін әуе айлағында арнайы оқу-жаттығу өтті.
Бұл - шетелден ұшып келген рейс. Борт командирі әуежай мамандарына маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін жолаушы бар екенін хабарлады. Жолаушылар арнайы алгоритм бойынша санитарлық-карантиндік алаңға бағытталды. Алдымен дене қызуын өлшейтін құралмен тексерілді. Жолаушылардың бірінің температурасы жоғары екені анықталып, арнайы бөлмеге оқшауланды.
Алгоритмге сай, карантин бөлмесіне жеткізілген жолаушыға үш минуттың ішінде жедел жәрдем қызметкерлері келіп, тиісті көмек көрсетуі тиіс. Қан қысымы, дене қызуы сияқты денсаулығына қатысты мәліметтер толтырылады.
Қаракөз Тұрмағанбет, тілші:
Бұдан кейін науқаспен байланыста болған, бір бортта ұшып келген жолаушылардың жай-күйін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі.
Жұқпалы ауру белгілері байқалмаған өзге жолаушылардың 21 күн бойы учаскелік дәрігерлерінің бақылауында болатыны түсіндірілді.
Баян Дәулетиярова, ҚР ДСМ Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Маймыл шешегінің белгілері басы, бұлшықеттері ауырады, дене қызуы көтеріледі. Сосын кейін лимфа түйіндері өседі, содан кейін барып бөртпе пайда болады. Сондықтан шетелге саяхат жасаған адамдарға айтарымыз, егер сол саяхатқа барып-келгеннен кейін 21 күннің ішінде осы белгілер пайда болған болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген жөн.
Қаракөз Тұрмағанбет, тілші:
Осылайша маймыл шешегі анықталған науқасымыз енді тиісті ем-дом шараларын қабылдау үшін инфекциялық ауруханаға жеткізіледі.
Қаракөз Тұрмағанбет