Ауғанстанда тұрмысы төмен тұрғындарға көмек таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тұрмысы төмен тұрғындарға көмек таратылды

21.08.2024

Ауғанстанда тұрмысы төмен отбасыларға қолма-қол ақша мен азық-түлік таратылды. Қайырымды істі БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы жасаған. Әр отбасына тамаққа қоса 50 доллардан берілді. Ұйым осылайша біртіндеп Ауғанстандағы кедейшілікті азайтуға үлес қоспақ. 3 жыл бойы елді тәліптер үкіметі басқарып келеді. Олардың билігі ресми түрде мойындалмаған. Бұған қоса, Ауған орталық банкінің есеп-шоттары бұғаттаулы. Ел тұрғындарының 85 пайызы кедейшілік тауқыметін тартып отыр. Сондықтан өзге елдердің гуманитарлық көмегі маңызды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу