Ақтөбе облысының Нұра ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Нұра ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды

21.08.2024

Ақтөбе облысының Нұра ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл елдімекен көктемде тұтастай суға кеткен еді. Қазір мектептен бөлек қауіпсіз жерден 63 тұрғын үй салынып жатыр. Оған он бір компания жұмылған. Инженерлік желілер толықтай тартылды. Жаңа баспаналар жуырда пайдалануға беріледі. Ал білім ордасының құрылысы жыл соңында аяқталады. Жоба құны 505 миллион теңге. Балалар оған дейін ескі мектепте оқиды. Оларды тасымалдауға арнайы автобус қаралған.

Жалпы Ырғыз ауданы бойынша 120 үй салынып жатыр. 41 отбасы дайын баспаналарды сатып алды.

Ақылбек Рысбаев, құрылыс компаниясының өкілі:

Осыған дейін іргетасы толық құйылып бітті. Қабырғасы қалануда. Сонымен қатар 20 құрылысшы, үш бірлік техника жұмыс жасауда және құрылыс материалдары толық жеткізілуде.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу