Президент шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

22.08.2024

Мемлекет басшысы Шахтер күні қарсаңында шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. Бір қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен және 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу