Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстың болашағы зор. Оның бір дәлелі - Тәжікстан экономикасына ТМД елдері арасында Қазақстанның ең көп инвестиция салғаны. Оның үлесі 72 проценттен асады. Экономист Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мемлекеттік сапары аясында 2025-2027 жылдары екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты 2 миллиард долларға жеткізу мүддесі айтылады.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Қазақстан Тәжікстан үшін болашақты қалыптастыратын, олардың экономикасына тың серпіліс беретін мемлекет ретінде табылып отыр. Сол үшін де Қазақстанның көрші мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысының артуына да осы бір факторлар әсер етіп отыр.
Асылбек Данияр