Қоғамдағы зорлық-зомбылықпен күресу – баршаға ортақ міндет. Ал оны тоқтату үшін тек заң қабылдау жеткіліксіз. Астанада өткен «Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» атты республикалық форумға қатысушылар осындай пікір білдірді. Жиынға білім саласының мамандары, құқық қорғау қызметкерлері мен гендер тақырыбының зерттеушілері қатысты. Аталған әлеуметтік жоба қоғамдағы түрлі сипаттағы зорлық-зомбылықты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жоюға бағытталған.
Гүлнәр Омарова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі:
Балалардың суреті, эсселері жазылып, олардың осы зорлық-зомбылыққа қарсы өздерінің көзқарастары арқылы көрсетіп жатқаны біздің жүрегімізге дейін жетті. Қоғам болып бұл мәселеге бей-жай қарамауымыз керек. Отбасындағы ата-аналардың тәрбиесі де, олардың балалармен қарым-қатынасы, баланың психологяилық жағдайына көбірек көңіл бөлуіміз қажет.
Ақмаржан Ғафизқызы