Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері 200-ден астам балаға мектепте білім алуына қажетті барлық оқу құралдары мен киім-кешек алып берді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табысталатын сөмкенің ішінде дәптер, қаламсап, бояу, альбом, түрлі-түсті қағаз бен қайшы сияқты оқу құралдары бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» орталығының жоспарына сай ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына 17 этномәдени бірлестігі атсалысты. Енді олар әрбір балаға сатып алынған заттарды үйлеріне апарып табыстамақ. Бұл акция әрі қарай да жалғасады.
Тахирбек Нышанбаев, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Балалардың тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Ата-ананың парызы - балалардың білім алуына барлық жағдай жасау.
Ғани Қалмаханов