Пара спортшылар Парижге аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара спортшылар Парижге аттанды

22.08.2024

XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды. Олар – волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының мүшелері.

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.


Хабарламаларға жазылу