Исландияда жанартау атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландияда жанартау атқылады

23.08.2024

Исландияның оңтүстік-батысында жанартау оянып, жан-жағына қып-қызыл лава төге бастады. Вулканның ұзындығы 4 шақырымға дейін созылып, ені 1,5 шақырымға дейін кеңейген. Дегенмен одан жақын маңда орналасқан астана Рейкьявикте ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетсек, Исландияда 30-дан астам белсенді жанартау бар. Сондықтан бұл солтүстікеуропалық арал вулкандық туризм тартымды жер саналады.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу