Әлемдегі екінші ірі гауһар Африкадан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі екінші ірі гауһар Африкадан табылды

23.08.2024

Ботсванада канадалық компания игеріп жатқан кеніштен көлемі жағынан әлемдегі екінші ірі гауһартас табылды. Оның салмағы екі келіге жуық немесе 2892 карат тартады. Бұған дейін, яғни 1905 жылы Оңтүстік Африкадан табылған ең үлкен алмаздың салмағы 620 грамм еді. Жаңа гауһартас Ботсвана астанасы Габароне қаласынан шамамен 500 шақырым жерде анықталған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу