Солтүстік өңірлерге көшетіндер үшін Жетісайда жәрмеңке ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік өңірлерге көшетіндер үшін Жетісайда жәрмеңке ұйымдастырылды

23.08.2024

Түркістан облысының Жетісай ауданында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударатындар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен өткен шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысты. Оларға қоныс аударған жағдайда қажетті көмектер көрсетілетіні туралы мәліметтер ұсынылып, ақпараттар берілді. Сондай-ақ баспана мен жұмыс мәселесі де қамтылды. Мәселен, биыл мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір реттік 70 АЕК, яғни 258 440 теңге мөлшерінде ақшалай көмек белгілеген. Бастапқы кезде үй жалдауға да қаржы беріледі. Жұмыссыздар болса, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмыспен қамту көзделген. Бұдан бөлек жеңілдікпен баспана алуға болатындығы да түсіндірілді.

Айта кетейік, осы бағдарлама басталған 2015 жылдан бері Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 3600-дан астам адам қоныс аударған.

Олжас Қаныбеков, Жетісай аудандық мәнсап орталығының директоры:

Жұмыс күші артық өңірлерден солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін 7050 квота бөлініп отыр. Алдағы уақытта осы солтүстік өңірлердің әлеуметтік жағдайларын көруге ниетті, көшуге ниетті тұрғындардың барлығына экспедиция ұйымдастырылады.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу