Орталық және атқарушы органдардың бюрократиясын жоятын Жарлық бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық және атқарушы органдардың бюрократиясын жоятын Жарлық бекітілді

23.08.2024

Орталық және атқарушы органдардың жұмысын түбегейлі бюрократиядан арылтуға қатысты арнайы Жарлық бекітілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты.

Қазір елімізде бюрократия мәселесі өзекті болып тұр. Мысалы, жыл басынан бері қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 1000-нан астам фактісі анықталса, қызмет көрсету барысында азаматтардан артық құжат талап етуге байланысты 800-ден аса заңсыздық әшкереленіпті. Тіпті 18000-нан астам азаматқа уақытылы қызмет көрсетілмеген. Осыған байланысты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтуға» қатысты бірқатар өзгерістер енбек.

Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

Жалпы рұқсат беру құжаттарының барлық түрлері проактивті форматқа ауыстырылуы тиіс. Яғни мерзімдерін ұзартуға азаматтардан өтінім беруді күтпей, оларды ұзарту автоматты режимге ауыстырылатын болады. Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімінің аяқталатыны туралы смс хабарлама сервисін әзірлеу көзделген. 15-ке жуық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер композиттік форматқа ауыстырылады және 18 қызмет экс-аумақтық негізде, яғни тұрақтылық мекен-жайына қарамастан көрсетілетін болады.


Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу