Үндістанның Трипура штатында жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Трипура штатында жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты

23.08.2024

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Трипура штатында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Өткен тәулікте аймаққа осы өңірдің бас министрі сапар шекті. Оның сөзінше, су басқан елдімекендерде қазір құтқару және жәрдемдесу операциялары жүргізіліп жатыр.

Жақында Үндістанның оңтүстігінде бірнеше рет лай көшіп, 200-ден астам адам қаза тапты. Кейбір сарапшылардың ойынша, елде жауын-шашындардың, тасқындар мен өзге де табиғи катаклизмдердің жиілеуіне климаттың өзгеруі де себепші.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу