Елімізде ядролық-физика саласына маман даярлайтын база қалыптасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ядролық-физика саласына маман даярлайтын база қалыптасқан

23.08.2024

Қазақстанда ядролық салаға маман даярлауда бұрыннан қалыптасқан база бар. Қазірдің өзінде еліміздегі бірқатар техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттері ядролық физика институтындағы арнайы зерттеу орталығында тәжірибеден өтіп жүр. Жас мамандар атом электр станциясы салынған жағдайда ураннан отын  даярлауды да үйренеді. Қазір әлемнің жетекші университеттеріндегі ядролық-физика саласының білікті ғалымдары тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Сәуле Рахметуллина, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Қазір енді алдында Үлбі металлургия зауытына мамандарды даярлап отырғанбыз. Енді атом электр станциясына жұмыс істейтін мамандар болса, оның өзінің керекті білімдері бар. Қандай компетенция керек. Соны ортаға салып талқылаймыз.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу