Бангладеште тасқыннан опат болған адамдардың саны 13-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште тасқыннан опат болған адамдардың саны 13-ке жетті

23.08.2024

Бангладештің солтүстік-шығысында алапат тасқыннан қаза тапқан адам саны 13-ке жетті. Мұнда нөсер жауын ай басынан бері тоқтамай жауып тұр. Жергілікті өзен арнасынан тасып, 200-ден астам елдімекенді су шайған. Жүздеген баспана су астында қалды. Жолдарды су басып, кейбір аудандармен байланыс үзілді. Тасқын жайлаған аймақта 4,5 млн адам тұрады. Оларға көмекке армия мен әскери-теңіз күштері жұмылдырылды. Билік тұрғындарға тасқын күшеюі мүмкін екенін ескертті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу