Ақмола облысында жыл басынан бері жол апатынан 61 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жыл басынан бері жол апатынан 61 адам қаза тапты

23.08.2024

Ақмола облысында жыл басынан бері жол апатынан 61 адам адам қаза тауып, 600-ге жуық тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Оның 130-ы кәмелет жасқа толмаған балалар. Жалпы өңірде сегіз айда 400-ден астам оқыс оқиға тіркелді. Көбі ауылдық жерлерде болған. Жол апатына жүргізушілердің жылдамдықты асырып, ережені сақтамауы себеп дейді полиция қызметкерлері. Қазір өңірде ондаған қауіпті жол учаскесі бар. Олардың барлығында арнайы белгілер мен ескерту тақталары орнатылған.

Аслан Қызбикенов, Облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:

Соңғы екі жұмада бес жол-көлік оқиғасында бізде 14 адам қайтыс болды. 25-тен астам адам әртүрлі дене жарақатын алды. Қазір біз жедел алдын алу шарасын өткізіп жатырмыз. Осыған 1500 полиция қызметкері қатысып отыр. 

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу