Алматылық оқушылар халықаралық чемпионаттан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушылар халықаралық чемпионаттан жүлдемен оралды

24.08.2024

Алматылық оқушылар АҚШ-тан жүлдемен оралды. Лос-Анджелесте роботехникадан халықаралық чемпионат өтті. Оған түрлі мемлекеттерден, 7 және 11 сынып аралығындағы 200-ден астам оқушы қатысқан. Жарыста АҚШ, Румыния, Қытай мемлекеттерінен келген үміткерлер арасынан Қазақстандық екі команда үздік нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар сайыстың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Олар командалық додада 3-ші орынды иеленсе, роботқа автономды бағдарлама жазып жекелей сайыста да жеңіске жетті.

Айта кетейік, халықаралық жарыстан жүлдемен оралған оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарындағы университеттерде грантқа түсуге мүмкіндік алады


Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу