Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

24.08.2024

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Олардың бірі - аудандық полиция бөлімінің қызметкері.

Жалпақтал ауылының тұсындағы тасжолда «Волга» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде шөп тиеген «КАМАЗ» көлігімен соқтығысқан. Облыстық полиция департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 42 жастағы екі ер адам мен 43 және 39 жастағы екі әйел адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылған. Олардың екеуі - кәмелетке толмаған балалар. Дәрігерлердің айтуынша, 2016 жылғы ер баланың жағдайы өте ауыр. Қаза тапқан полиция қызметкері мен оның жұбайы - жеңіл көліктің жолаушылары болған.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу