Талдықорғанда мектепке жол акциясына саяси партиялар да өз үлесін қосуда. Республика партиясының Жетісу облыстық филиалы 100 оқушыға мектепке қажет құралдар толтырылған 100 сөмке таратты. Бұл тартудың басты ерекшелігі «Алаш топтамасы» деп аталып, Алаш зиялыларының қанатты сөздері жазылған қойын дәптерлер, қаламсаптар мен басқа да заттар жинақталған. Елу сөмке Талдықорғандағы аз қамтылған немесе толық емес отбасыларға таратылса, қалғаны басқа аудандарға жіберілді.
Ришат Асқарбекұлы, «Respublica» партиясы жетісу облыстық филиалының төрағасы:
Көктемде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, содан кейін Ақтөбе облысына жөнелтілді. Одан кейін Жетісу облысы, Абай облысы басқа да аймақтарды қамтуға тырыстық.