Жетісу облысында оннан астам көлік отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында оннан астам көлік отқа оранды

24.08.2024

Жетісу облысында жеңіл көлік тасымалдайтын екі жүк көлігі соқтығысып, 10-нан астам темір тұлпар жанып кетті. Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің 278-ші шақырымында болған. 8 жеңіл автомобиль тиеген жүк көлігі алдында келе жатқан көлікке соғылып, бірден отқа оранды. Ал ол көлікте 6 жаңа автомобиль болған. Жүргізушілердің бірі аман, екіншісі туралы ақпарат жоқ.


Хабарламаларға жазылу