Рөлі оң жақта орналасқан көлік жүргізушілеріне жолаушы тасымалдауға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рөлі оң жақта орналасқан көлік жүргізушілеріне жолаушы тасымалдауға тыйым салынады

25.08.2024

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Рима Тұрманова есімді кітапханашы осыдан бірнеше күн бұрын Facebook-тегі парағында.

«... Амалың жоқ қалаға бару үшін таксиге міну керек. Таксиің ұшақ қой, ұшақ... бір айтасың6 аман болайық, асықпа деп, екі айтасың…Таксистер өте қатты айдайды, бір қолдарында ұялы телефон, сөйлесіп отырады, қолдарынан тастамайды, SMS жазып отырады. Басқа көліктерге  «обгонды» айтпай-ақ қояйын.
Бұрын қалаға үш сағатта зорға жететін едік, қазір  «шайтан»  құсап 1 сағат 20 минутта жетіп барамыз...» деп жазды.

 «Такси, такси» деген романтикалық сезімге толы әнебір ән ретро-ны жақсы көретін адамға ғана әсер ететін сияқты ғой. Тақырыпты Амангелді Сейітхан қаузап көрді.

Жамбыл облысындағы 6 адам қайтқан апаттан кейін қалааралық таксидегі қауіпсіздік мәселесі тағы көтерілді. Әсіресе, Toyota Alphard көлігінің жолда соқтығысқан сәттері әлеуметтік желілерде көп тарап кетті.

Ал осы аптада Көлік министрі рөлі оң жақта орналасқан көліктермен келер жылдан бастап адам тасымалдауға тыйым салынатынын айтты. Өйткені қалааралық таксилердің көбі – рөлі оң жақта орналасқан Alphard-тар.

Селим Қуанышұлы, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

InDrive осы жылдың аяғына дейін, яғни 25 жылдың 1 қаңтарына дейін өзінің жүйесіндегі барлық көліктерге ревизия жасайды. VIN кодтар арқылы көлік құралдарын тексереді. Яғни 13 символды VIN код болатын болса ол оң рөлді көлік, 17 болатын болса ол сол рөлді. Оң рөлді көлік болатын болса оларды осы жылдың аяғына дейін алып тастайды.

Бұл бастаманы қолдаушылар да, қарсылар да бар. Ал біз Alphard мінгендердің өзіне бардық. Жүргізушілер бәрі сөйлеуден бас тартты. Тек мына азамат мұндай тиымға қарсы екенін ашық айтты.

Қалған жүргізушерді «түрлеріңізді көрсетпейміз» деп сөзге тарттық. Бұл қауіпсіздік үшін емес пе дегеніміз де, мәселе рөлде ғана емес деп жауап қатқандар болды. Тек Alphard-пен жүргендер апатқа түсіп жатқан жоқ, елді олай шатастырма дегендер де бар. Сөйтіп, осы көлікті тізгіндегендердің қалай жүретінін көпшіліктен сұрап ек.

Иә, жанұя асырау қажет. Бірақ, сол үшін шала ұйықтап, толық демалмай, басқа адамдарды салып алып, алыс жолға шығып кете беретіні туралы да әңгіме көп. Келер жылдан бастап оң жақтағы рөлін сол жаққа ауыстырғандар да такси қызметін атқара алмайды. Себебі.

Селим Қуанышұлы, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Ол өзінің жаңағы тормоз жүйесін басқан кезде руль басқармасының барлығы заводтан шыққандай емес, кешірек әсер ететін болады. Мысалы, оңға бұрылатын болсаңыз 1-2 секунд кешірек әсер етуі мүмкін. Тормоз басқан кезде де сондай. Бұл ақырын жүрген кезде білінбейді. Ал, үлкен жылдамдықпен келе жатқанда әрбір секунде өзінің рөлін атқаратын болады.

Бұл қауіпсіздік қамы. Бірақ Қазақстан такси қызметі қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов тыйым салумен бәрі шешіледі дегенге сенбейді. Жүргізушілер оны айналып өтудің жолын табуы мүмкін.

Медет Құрманов, Қазақстан такси қызметі қауымдастығының төрағасы:

Платформаға тіркелетін кісілер көліктері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы басқа көлігі бар. Сол жағында рулі, бәрі қалыпты. Мен тіркелем де халық жинаймын да басқа біреуге бере салам.

Демек, заңның орындалуын, бақылау қадағалау қажет. Сондықтан Қазақстанда танымал шет елдік екі агрегатор «Индрайвер» мен «Яндекстің» жауапкершілігін күшейту керек,-дейді ол. Мұны Мәжіліс депутаты Айтуар Қошпамбетов те қоштады. Мәселен, ол осы жазда «Яндекс» қосымшасы арқылы такси шақырып, қала ішінде апатқа ұшыраған. Аяғы жараланған. Оның сол кездегі «Яндекс» қызметкерлерінің әрекетіне көңілі толмайды.

Айтуар Қошпамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Маған айтады ГИБД-ға жолығыңыз дейді. Менің сонда түсінгенім колл-центр біздің елімізде емес, шет елде Ресейде орналасқан.Сонда үлкен күмән туындады. Бізде Қазақстанда көмек қажет болса азаматтар хабарласады, осы Яндекске. Алайда ол көмекті ала ала ма? Өйткені, басқа елде орналасқан колл-центр көшелердің аттарын білмейді, арнайы жедел жәрдем шақыра алмайды.

Колл-орталық түсіндірген ГИБД деп аталатын ұйым да Қазақстанда жоқ. Олардың берген құжаты да бізде жарамсыз-дейді депутат. Сондай-ақ компанияның моральдық шығын үшін берген өтемақысы да түкке тұрғысыз.

Айтуар Қошпамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Маған 6 мың теңге көлемінде сақтандыру төленбекші. Бірақ мен 1 ай бойы ақсаңдап жүрдім. Ал нақты айтатын болсақ, біздің әр жүргеніміз Яндекске арнайы төлем боп есептелінеді.

– Сақтандыруға салынған ба?

- Иә, ол сол сапардың ішіне кіреді. Мысалы, біз мың теңге төлесек, оның белгілі бір мөлшері сақтандыруға салынған. Ал ол төлемді алу өте күлкілі нәрсе.

Яғни тұтынушылар құқығы мен қауіпсіздігі сақталмай отыр,-дейді ол. Ал әйелдер қауіпсіздігін зерттеп жүрген Айдана Тілеукен қазақстандық қыз-келіншектердің көбі таксиге мінуден қорқатынын айтты. Себебі жүргізушінің қандай екенін ешкім білмейді. Сондықтан «TaxiHAQ» деген жоба бастап, мына типтес сұрақтарды қоятын жүргізушілерден сақ болу керек деп рилстар түсіріп жүр.

Айдананың ойынша, кей жүргізуші мұндай сұрақты әдейі қойса, кейбірі харассменттің не екенін білмеуі де мүмкін. Сондықтан олардың сауатын ашу қажет.

Айдана Тілеукен, әйелдер қауіпсіздігі тақырыбын зерттеп жүрген ғалым:

Менің ойымша, такси сервистер өздерінде харассментке арналған арнайы тренинг қосу керек.

Егер қосымшаларда такси осындай курстан өтті деген белгі болса, әйелдер ол көлікке отырудан қорықпас еді. Ал Медет Құрмановтың ойынша, таксилерді тек сырттай емес, іштей қатаң бақылайтын жүйе керек.

Медет Құрманов, Қазақстан такси қызметі қауымдастығының төрағасы:

Бізде заң негізі жақсы жазылған. Ережелер қалыптасқан. Барлық нормалары дұрыс. Бірақ бұл орындалмайды. Кез келген Қазақстан азаматы сервистерге тіркеліп жұмыс істей береді де. Бұл сервистер кез келген жүргізушіге тіркелген тапсырыстарды бере береді.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Шынында такси қызметін ешкім қолмен басқарғандай бақылай алмайды. Мысалы, мына көліктердің қайсы адам тасып, қайсы өз шаруасымен жүргенін ешкім білмейді. Ал келер жылдан бастап талап өзгереді. Яғни агрегаторлар енді мемлекеттік рейстрға тіркелген жүргізушілерді ғана өз базасына енгізе алады. Бұл да таксидегі адам қауіпсіздігін бақылаудың бір амалы.


Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу