Шымкенттегі өрттің кесірінен 820 үй газсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі өрттің кесірінен 820 үй газсыз қалды

26.08.2024

Шымкентте магистральді желідегі апаттан 800-ден астам үй мен үш өндіріс орны газсыз қалды. Ынтымақ шағын ауданында қураған шөптен шыққан өрттен жер астындағы жоғары қысымды газдың пластикалық құбыры еріп, майысып кеткен. Осыған байланысты Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Алтын төбе, Ақбұлақ және Жаңа Тұрлан шағын аудандарына газ беру тоқтатылды. Апат орнында қазір жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу