Оңтүстік өңірлерде жер сілкінісі кезінде бүлінген газ құбырлары қалпына келтірілді. Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлығы 48 ақау жөнделген. «QazaqGaz Aimaq» мамандарының дерегінше, ең күрделі аумақ 1970 жылы салынған Алматы қаласындағы Әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысындағы желі. Сондықтан оны ауыстыру біраз қиындық тудырған. Еске салсақ, биыл қаңтардың 22-інен 23-іне ауған түні Қазақстанның оңтүстік аумағында жер сілкінген болатын. Дүмпудің ошағы Алматыдан 264 шақырым жердегі Қытай мен Қырғызстанның шекарасында тіркелген еді.
Қуан Нұрақын