Түркістан облысында екі ауданды сумен қамтып отырған канал «Қазсушарға» қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында екі ауданды сумен қамтып отырған канал «Қазсушарға» қайтарылды

26.08.2024

Түркістан облысындағы екі бірдей аудан халқын ағын сумен қамтып отырған канал «Қазсушарға» қайтарылды. Мұндай қаулыны Астана қаласы апелляциялық сот алқасы жариялады. Оған Түркістан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының апелляциялық шағымы негіз болған. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы су каналының ұзындығы шамамен 14 шақырым болады. Оның құрылысына 13 млрд теңге жұмсалған болатын. Прокуратураның араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал ауданындағы кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болған.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу