Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан кредит бюросына қойылатын талаптар күшейді.
Агенттіктің арнайы қаулысына сәйкес бюролардың веб-қосымшалары мен мобильдік қосымшаларын әзірлеудің, оларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі айқындалған. Яғни клиенттердің қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Бұдан былай мобильді қосымшалардың операциялық жүйесінің қорғаныс тетіктерін бұзу немесе клиенттің құрылғысын қашықтан басқару белгілері анықталса, қызмет көрсетуді бұғаттау көзделген. Сондай-ақ құжатта кредиттік бюроларды агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығының ақпаратпен алмасу жүйесіне қосу бойынша қосымша талаптар айқындалған.
Нұрсұлтан Тілектес