Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері Жетісу облысында жаттықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері Жетісу облысында жаттықты

26.08.2024

«Алтын қыран-2024». Қазақстан мен Әзербайжанның әскерилері күш біріктірді. Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында екі елдің сарбаздары бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуын өткізді. Барлау, жауынгерлік үйлестіру, тұзақтан құтылу және жауынгерлік шеберлік сыналды. Сарбаздар түрлі сынақтарға төтеп беріп, бір бірімен тәжірибе алмасты. Олардың іс-әрекетін екі елдің бас штабының басшылары бақылады. Оқу-жаттығу кезінде түрлі қарулар мен пилотсыз дрондар да қолданылды.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу