Таиланд пен Үндістандағы су тасқынынан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд пен Үндістандағы су тасқынынан 13 адам қаза тапты

26.08.2024

Таиландтың Пхукет аралында лай көшкіні жүріп, 13 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың арасында ресейлік ерлі-зайыпты бар. Екеуі де Таиланд азаматы, қалғандары мьянмалық жұмысшылар. 20 адам жараланған. 200-ден астам үйді лай басып қалды. Табиғи апат туристер арасында танымал жер - Үлкен Будда ауданында болған. Мұның алдында өңірде нөсер жауын жауды. Қазір лай көшкіні салдарымен күрес жүріп жатыр.

Ал жаңбырлы маусымды өткеріп жатқан Үндістанның бірқатар штатын су тасқыны жайлады. Трипурада лай көшкіні жүріп, 65 адам үйлерін тастап кеткен. 20-дан астам тұрғын опат болды. Оларға арнап 450 уақытша лагерь ашылған. Инфрақұрылымға, егістік пен малға айтарлықтай зақым келді. Ал Манипур штатында толассыз нөсерден жергілікті өзен арнасынан тасыған. Жүздеген адам эвакуацияланды. Жүздеген баспана су астына қалған.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу