«Мектепке жол» акциясы: Қызылордада түрлі этнос өкілдері оқушыларға оқу құралдарын таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы: Қызылордада түрлі этнос өкілдері оқушыларға оқу құралдарын таратты

26.08.2024

Қызылордада Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық ұйымының бастамасымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Түрлі этнос өкілдері жылдағы дәстүрмен оқушыларға базарлық жасап, оқу құралдарын үлестірді.

Достық үйіндегі игі іске ассамблея мүшелері, этно-мәдени бірлестік төрағалары және еріктілер қолдау көрсетті. Жаңа оқу маусымы алдында 30-ға жуық балаға ең қажетті деген оқу құралы мен сөмке табысталды. Осылайша ұйым өкілдері кішкентайларға базарлық жасап қуантып, игі лебіздерін білдірді.

Бақытжан Камалов, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауыменен барлық өңірлерде ұйымдастырылып келеді. Осы балалардың әрдайым жүзі жарқын, жоғары білімді азамат болсын дейміз. Еліміздің болашағы – осы жастарымыз.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу