SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсті

26.08.2024

Қазақстандық SCAT әуекомпаниясының ұшағына найзағай түсті. Салдарынан Boeing 737 ұшағы рейстен шығарылып, 14 рейс кешіктірілді. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ұшақтың техникалық жағдайы тексеріледі. Осы аптада оннан аса рейстің орындалу мерзімі өзгереді. Сондықтан жолаушылар ұшақтарының кестесін компания сайтынан жиі бақылап, SMS хабарламарды өткізіп алмай, мұқият болғаны жөн, - дейді SCAT әуекомпаниясының өкілдері.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу