Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдерінің сөзінше, «коронавирус өршіді, ауруханаларда орын жоқ, науқастар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды» деп желіде тараған ақпарат жалған. Министрлік халықты ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып отыр. Себебі, елдегі инфекциялық жағдай жіті бақылауда,- дейді.
Биыл жыл басталғалы бері республика бойынша 1356 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 есе аз. Алматыда да жағдай тұрақты. Қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір төрт ересек науқас емделіп жатыр. Балалар арасында ауру тіркелген жоқ» , - деп жазылған хабарламада.
Қуан Нұрақын