Елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі

26.08.2024

Ал Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі. Бұл туралы 2027 жылға дейінгі республикалық бюджетті жоспарлау туралы құжатта жазылған. Тиісті заң жобасы 31 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылды. Қолдау тапса, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге көтеріледі. Ал ол түрлі әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу үшін қажет. Осылайша, базалық зейнетақы 28 мыңнан 32 мыңға, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мыңнан 62 мың теңгеге өседі. Ал ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады. Ол қазір 85 мың теңге.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу