Бюджетте 1,2 трлн теңге тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджетте 1,2 трлн теңге тапшы

26.08.2024

Биыл бюджетте 1,2 трлн теңге тапшы. Қаржы министрлігінің мәліметінше, алғашқы 6 айда қазынаға 11,5 трлн теңгенің орнына 10,2 трлн теңге түскен. Биыл әсіресе, салық түсімдері азайып отыр. Жоспардағыдай 7,75 трлн теңге емес, кіріс 6 трлн теңге болған. Ал мемлекет меншігіндегі активтер мен бюджет несиесінің сыйақы мөлшері керісінше артты. Одан ел қазынасына биыл 120 млрд теңге түсуі керек еді. Алайда, оның көлемі 876 млрд теңгеден асты.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу